RU

Жеті өзбек ардагері Мәскеудегі шеруден соң қателесіп Сочиден бір-ақ шыққан (фото)

Өзбек ардагерлері Жеңіс күніне арналған шеруге қатысқан соң Мәскеуден қайтып келе жатқанда адасып кетті. Кисловодсктағы санаториялық емдеу мекемесін бетке алған жеті майдангер қателесіп кетіп, Сочиден бір-ақ шықан деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзбек ардагер

Бәрі Кисловодскқа билет алудан басталған: Өзбекстан делегациясы бағыттан шатасып, мүлдем басқа қалаға тап болыпты. Сочиге ардагерлермен бірге туысқандары мен дәрігерлер де барған.

Қала әкімшілігі бұл жағдайды білген соң оларды қуана қарсы алып, жатын орын ұсынып, Сочиді аралатқан.

Сочи билігі кейін ардагерлерді Кисловодскқа аттандырған.

"Сочиде бірнеше рет болғам, шипажайында емделдім. Қазір қаланың қалай жақсарып кеткенін көріп тұрмын. Ұлы Отан соғысының қатысушылары атынан мың алғыс", – деді өзбек ардагерлерінің бірі Бекқұла Хамзаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731798-zeti-zbek-ardageri-mskeudegi-seruden-so-katelesip-sociden-bir-ak-sykkan-foto.html