RU
"Өзіне көп алады": Ерке Есмаханның жаңа клипін көпшілік сынап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өзіне көп алады": Ерке Есмаханның жаңа клипін көпшілік сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын көпшілікке жол тартқан Ерке Есмаханның жаңа клипі сынға ұшырады. "Аэропорт" деп аталатын әнге түсірген бейнебаян көпшіліктің көңілінен шықпаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерке Есмахан. Фото: скриншот

Ерке Есмахан. Фото: скриншот

Жарыққа шыққанына үш күн болған бейнебаянды оқырмандар қызу талқылады.

"Өлең емес, сөздерін тыңдап отырдым", "Аэропорт қайда?", "Өлең мен бейнебаян бір-біріне сәйкес келмейді". "Жігіттерге дегенін істететін қыздарға арналған клип пе? Бұл дұрыс үлгі емес", - деп жазған тыңдарман қауым клиптің сюжеті түсніксіз екенін алға тартқан.

"Осы қай бейнебаянды қарап қалсам, екі жас ұрысып жатады. Жастарға осы тақырып қызық па деймін", "Маған ұнамады, нашар", "Егер әншінің өзі әдемі болмаса, бейнебаянында әдемі адамдарды ойнатады", "Қожанасырдың шапаны секілді. Не басы, не аяғы жоқ клип", - дейді пікір қалдырушылардың басым бөлігі.

"Ерке, ренжімеңіз. Бірақ, сын қабылдап үйренгеніңіз дұрыс. Соңғы кезде өзіңізге көп аласыз. Елге жүрдім-бардым дүниені көрсетуге ұялу керек. Актерлік шеберлік жоқ", - деген сынды пікірлер де көзге көрініп тұр.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
2
3
1
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір