RU
Баян Алагөзованың қызы Абайдың қара сөздерін оқи бастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзованың қызы Абайдың қара сөздерін оқи бастады

Рассказать Вконтакте

Отандық продюсердің тұңғышы Айсәуле Бақытбек өз парақшасында қазақ тілінде жазба қалдырып, "Абайдың қара сөздерін" оқитынын мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram

Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram

Бойжеткен Instagram парақшасы арқылы желі қолданушыларынан қандай кітап оқуға болатынын сұрап, өзі де оқырмандарына бірнеше туындының тізімін ұсынған.

"Кітап оқу қызықсыз" деген сөзді мен жастардан көп естимін. Бірақ мен олардың кітапты шын пейілімен мағынасын түсініп оқыды дегенге иланбаймын. Өйткені, әр кейіпкердің бастан кешкен тағдырына қарап, олармен бірге түрлі уақыт кезеңінде саяхат жасауға болады. Бұл қалайша қызық болмауы мүмкін", - деген Айсәуле қазақ әдебиеті мен шетел авторларының туындыларын ұсынды.

Айта кетейік, күні кеше бойжеткен құмар ойындарға құмар жастарды сынап тастаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
1
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel