RU
Facebook желісіне тіркелген адамдардың жеке мәліметтері таралып кеткен
Жаңалықтар Әлемде

Facebook желісіне тіркелген адамдардың жеке мәліметтері таралып кеткен

Рассказать Вконтакте

Төрт жыл бойы Facebook әлеуметтік желі қолданушыларының жеке ақпараттары барлығы үшін қолжетімді болып келді. Жеке парақшаларының ашық қолданыста тұрғанын үш миллиондай адам осы күнге дейін білмеген деп хабарлайды vesti.ru cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Facebook жеке мәліметтері көпшілікке таралып кеткен

Facebook жеке мәліметтері көпшілікке таралып кеткен

Жеке парақшалары ашық қолданыста болып келгендердің барлығы Facebook кеңістігінде Mypersonality атты психологиялық тесттен өтіп көрген адамдар болып шықты. Яғни, аталмыш тестті өту үшін кез келген желі қолданушы өзінің жеке ақпаратымен бөлісуге рұқсат беруі тиіс.

Бұл психологиялық тестті өтіп көргісі келген алты миллиондай оқырман ішінен, үш жарым миллионы өз парақшасының жеке мәліметтерімен бөлісу батырмасын басқан. Нәтижесінде қоғамдық зерттеу саласындағы ауқымды ақпараттар жиынтығы құрылды.

Рұқсат батырмасын басу арқылы желі қолданушысы өзіне ғана мәлім ақпаратты қалың көпшілік назарына ұсынған.

Бұл біріншіден, қоғамдық зерттеу сайт қызметкерлерінің өрескел қателігі. Мамандар рұқсаттамасын берген адамдардың жекелей мәліметтерін ауқымды жиынтыққа енгізгенімен, қауіпсіздік шараларын қарастырмаса керек.

Сол себепті үш миллиондаған желі қолданушының жеке ақпараттарын кез келген адам сайтқа кіріп ала беруге қауқарлы болған.

Бұл қоғамдық зерттеу сайтының жиынтығы анонимді түрде және қатаң қауіпсіздік шараларды қолдану арқылы сақталуы тиіс еді. Енді Facebook өкілдері бұл мәселенің шешу жолдары мен өтелетін шығындарды қарастырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір