RU
Ресейліктер Самара мен Челябинскті қазақ жеріне қосып жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Ресейліктер Самара мен Челябинскті қазақ жеріне қосып жіберді

Рассказать Вконтакте

Футболдан өтетін Әлем чемпионаты қарсаңында Волгоград әуежайында су жаңа терминал ашылды. Алайда жолаушылар қолайлығы үшін жағдай жасаған әуежай қызметкерлері ондағы картаға аса мән бермеген секілді деп хабарлайды vesti.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vesti.ru

Фото: vesti.ru

Волгоград әужайының жаңа терминалында орналасқан картаны көріп қалған мектеп оқушысы бірыңғай тестілеуден өтпей қалатыны сөзсіз.

Карта жасап шығарушылар өз жұмысы барысында қандай мәліметтерге сүйенгені белгісіз. Бірақ, бірқатар ресейлік қалаларды заңды орындарынан ығыстырып тастап, кейбірін тіпті басқа мемлекет аумағына енгізген.

Мәселен, Мәскеу Украинамен шекараға ауысып кетсе, Санкт-Петербург оңтүстікке қарай көшіп кеткен. Ал Самара мен Челябинск болса тіптен жат-жұрттық болып біздің ел аумағына кірді. Оған қоса, Сочи Турция қаласы атанып, Дубай мүлдем Сирия құрамына енді.

Карта даярлаушы мамандар өз қалаларын аздық етіп, басқа ел қалаларын да шет ел асырып жіберсе керек. Симферополь Молдавияға, ал Ираклион Болгарияға көшіп кетті.

Ал, тай Пхукеті 5,7 шақырымды еңсеріп Тегеран орнына барып бір-ақ орныққан.

Осылайша қалалары орындарынан ығыстырылған әуежай картасы өтіп бара жатқан жолаушылар ермегіне айналды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір