RU

Шымкент көшелерін жалаңаш аралаған әйел жұрттың ашуына тиді (видео)

Шымкент көшелерінің бірінде жалаңаш жүрген әйел көлік жүргізшілері мен жүргіншілерге кедергі келтірген. Белгісіз келіншекті тұрғындар видеоға түсіріп алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Скриншот: Instagram
Скриншот: Instagram: UGC

Тек іш киіммен жүгірген әйел көлік тоқтатпақ болған. Тіпті бірнеше көліктің алдына тұрып алып, жолын кес-кестейді. Алайда оған жүргізушілер ұрысып тастаған.

Мұны көрген желі қолданушылары әйелді "Дені сау емес қой", "Ішіп алғаны көрініп тұр" деп сынға алды.

Ал кейбір оқырмандар белгісіз жанның көктем уақытында ауруы көтерілгенін айтып, ауруханаға жеткізуді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731825-symkent-kselerin-zalaas-aralagan-jel-zrtty-asuyna-tidi-video.html