Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім

Опубликовано:

Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың ұлы, артында қалған тұяғы Абыл Аяш әке жолын жалғап, өнерге аяқ басты. "Тұңғыш рет" жобасы аясында Астанада концерт берген ол 17 мамыр күні Алматы қаласында да кеш өткізбекші. Осы орайда, NUR.KZ тілшісіне ақынның ұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.

Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім
Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім: UGC

- "Өлмей-тұғын артында із қалдырған" Табылды Досымов бүгінде жеткілікті түрде дәріптеліп жатыр ма?

- Көптеген қазақтың ақын-жазушыларының артында жоқтаушысы жоқ, өкінішке орай. Ал әкемнің өнеріне еліктеп өсіп келе жатқан, бард жанрына қызығып, сол бағытта жұмыс істеп жүрген жандар аз емес. Сол себепті де өз деңгейінде дәріптеліп жатыр деп айта аламын. Сонымен қатар, «Табылды Досымов» атындағы республикалық қор мен осы жылы ашылған «Тұңғыш рет» жобасы - бұған дәлел.

- Осы жолда жүруіңіз «әке ізін жалғастырамын» деген парызыңыз ба, әлде жан қалауыңыз ба?

- Әке жолын жалғап, ұрпақ ретіндегі парызымды, әке аманатын орындасам - менің де жан қалауым орындалмай ма? Мен парызымды да, жүрек қалауымды да орындаушымын.

Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім
Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім: UGC

- Егер Табылды ақын тірі жүргенде не болар еді, не болмас еді?

- Егер әкем тірі болғанда, мен өнер әлеміне келмес те едім. Өнер академиясына түсіп, әкемнің мұрасын халыққа насихаттап, түрлі кештер ұйымдастыруыма әкемнің өмірден өткені себеп болды. Әкем қазір тірі болғанда, мүмкін, аңсаған Алматысына келіп, шығармышылық кештерін беріп, өнер әлеміндегі өзінің ерек орнында тұрар ма еді деп ойлаймын.

- Қазіргі таңда кімдерді нағыз музыкант/әнші деп айта аласыз?

- Өнерге талпынған жастарды әрқашан да демеп, қолдауға әзірмін. Халыққа танылмаған композитор, гитаристердің талантын елге көрсетіп, таныстыру - алға жоспарланған кештердің үлкен мақсаттарының бірі болып тұр. Ал, қазіргі шоу–бизнесте жүргендерге баға беретіндей дәрежеге жеткен жоқпын деп есептеймін.

Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім
Табылды Досымовтың ұлы: Егер әкем тірі болғанда, мен өнерге келмес едім: UGC

- «Тұңғыш рет» жобасы туралы айта кетсеңіз...

- Көбісі сұрақ қояды: «бұл жобаны қалай жасап жатсыңдар?», «қаржы мемлекеттен бе?», – деп. Ақжол Отанбекұлы есімді азамат 2018 жылы осы бастамаға сеп болды. Оның ешқандай тасып жатқан ақшасы жоқ. Бірақ, әкемнің өнерін бүкіл қазақ халқына насихаттау барысында көп үлес қосып отыр.

Жоба аясында поэзия кеші, ән кеші, гитаристер форумы секілді шараларды жоспарлап қойдық. Бұйырса, жыл аяғына дейін әкемнің альбомдары мен кітаптары шығады.

Айта кетерлігі, бұл жобаның ерекшелігі― кештердің жанды дауыста өтуі.

- «Өнер жолын ― өмірім» деп нақты таңдау жасадыңыз ба?

- Жоғарыда айтып өткендей, әр ұрпақ өз әкесінің мұрасын көзінің қарашығындай сақтап, оған құрметпен қарай керек. Менің қазіргі жасап жатқан дүнием ― әке рухына тағзым ретінде бард жанрын жетілдіріп, өнерді жалғастыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731829-tabyldy-dosymovty-ly-eger-kem-tiri-bolganda-men-nerge-kelmes-edim/

pixel