RU
Ердоғанмен кездескен Месут Озил немістердің ашуын келтірді (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Ердоғанмен кездескен Месут Озил немістердің ашуын келтірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Неміс футбол құрамасының сапындағы түрік футболшылары Месут Озил мен Илкай Гюндоган өздерінің тарихи отанының президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Спортшылардың түрік басшысымен жүздескені неміс футбол кеңесінің көңілінен шықпаса керек деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Ата-тегі түрік Озил мен Гюндоганның Түркия президентімен кездесуі Ұлыбританияда өтті. Режеп Тайып Ердоған бұл елге өзінің арнайы іс-сапарымен келген сәтін пайдаланып, қандастарымен кездесуді ұйғарған.

Екі футболшы да түрік басшысына естелік ретінде өздерінің футболкаларын табыстады.

Футбол әлемінде Германия құрамасының намысын қорғап жүрген спортшылар әрекеті неміс футбол кеңесінің ашуына тиді. Кеңес басшысы Райнхальд Гриндель өз наразылығын тіптен әлеуметтік желіде ашық түрде жеткізді.

"Германия құрамасы өз ойыншыларының шығу-тегіне байланысты жағдайларға асқан сыйластықпен қарайды. Алайда, футбол мен неміс құрамасы тұтатын құндылықтарға Ердоған мырза аз мөлшерде сыйластық білдіреді. Оның ұстанымдары біздікіне көп жағдайда қайшы келіп тұрады", - деп жазды Гриндель өз парақшасына.

Оның үстіне, желіде белсенділік танытқан кеңес басшысы футболшылардың түрік басшысы ұйымдастырған сайлау алды компанияға араласқандары дұрыс шешім болмағанын айтты.

Айта кетейік, неміс футбол құрамасында өнер көрсететін футболшылар клубтық деңгейде англиялық командалар сапында ойнайды. Месут Озил "Арсенал" командасында болса, Илкай Гюндоган "Манчестер сити" сапына өткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel