RU
Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте директордың орынбасары мен мұғалім оқушыларды мазақ еткен

Рассказать Вконтакте

Шымкентте оқушыларды мазақ еткен мұғалімдер ата-аналардың ашуын туғызды. Мектеп әкімшілігі мен оқушылар арасындағы жанжал №125 және №83 мектептері арасында орын алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкентте

Сұмдық жағдай 11 мамыр күні қалаға қарасты "Қайнарбұлақ" саяжайындағы көл маңында орын алған. Дәл осы күні №125 мектептің оқушылары көлге шомылуға барған.

Оқушылардың айтуынша, №83 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен денешынықтыру пәнінің мұғалімі көлдің маңында жүрген мектептің оқушыларын көріп, соққыға жыққан.

Сондай-ақ, мұғалімдер жеткіншектерді жарты сағат бойы тізерлетіп, кешірім сұратқан.

"Біз жарты сағат тіземен тұрып кешірім сұрадық. Кейін мұғалімнің көлігін жуып бердік. Жуып берген соң №125 мектеп директорының орынбасары мен дене мұғалімі бізді соққыға жыға бастады. Таяқ жегендердің барлығы менің сыныптастарым", -дейді мұғалімнен оңбай таяқ жеген Александр.

Балаларына тәрбие беретін мұғалімдердің қорлығы ата-аналардың ашуын туғызды. Жәбірленуші тараптың сөзінше, оқушыларды мазақ еткен ұзтаздар оқиға болған күні ішіп алуы немесе шегіп алуы мүмкін деп отыр.

Өйткені оқиға болған күні полицияға түсінктеме берген ұзтаздар аяғын әрең тік басып тұрыпты.

Ал мектеп әкімшілігі болса, оқушыларды ұрып соққан оқытушылар туралы басқаша мәлімдеме жасады. Айтуынша, күдікке ілінген мұғалім мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ішпек түгілі, шекпейді екен.

Келеңсіз жағдайға қатысы бар деген ұстаздар болса сол күні көл маңында көріп қалған өзге мектептің оқушыларын "қараусыз қалдырмай, мұғалімеріне тапсырғымыз келді" деп ақталды.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, мектеп әкімшілігі мен оқушылар арасындағы келеңсіз жағдай бойынша Жергілікті полиция қызметі тексеру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, мұғалімдер соққыға жықты деген оқушылар медициналық сараптамадан өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
4
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір