RU
Тал түсте көшені жалаңаш кезген шымкенттік қызға қатысты деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Тал түсте көшені жалаңаш кезген шымкенттік қызға қатысты деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жартылай жалаңаш күйінде көшеде билеп жүрген қызды психдиспансерге жеткізілді. Əлеуметтік желілерде қала көшесінде көліктерге жол бермей жалаңаштана билеп жүрген қыздың видеосы тарап кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

бойжеткен

көрнекі сурет

Көліктерді тоқтатпақ болып көшеде "подиумда" жүргендей көлбеңдеген қызды байқамаған жан болған жоқ.

Шаңқай түсте жалаңаштанып, жұрт назарын өзіне аудартып, жол ережесін бұзған бойжеткенді тəртіп сақшылары алып кеткен. Жартылай жалаңаш бикеш полициядан қашпақ болыпты.

ОҚО ІІД хабарлағандай, бұл оқиға 10 мамыр күні болған. ІІД кезекші бөліміне белгісіз қыздың біртүрлі əрекеті туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен экипажды патруль ессіз қылық көрсеткен қызды психдиспансерге жеткізген. Кейін ауруханадан ата-анасы келіп алып кетіпті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұл бойжеткен - 1996 жылы туған.

ОҚО тұрғыны ешқандай психдиспансерде тіркеуде тұрмайды. 22 жастағы қыздың өзі де, туыстары да психикалық жағдайын тереңдеп тексеруден бас тартқан.

Дəрігерлер күштеп тексеру жүргізе алмаймыз деп отыр. Қаланың қақ ортасында жартылай жалаңаш көше кезген қызды психдиспансерден туыстары алып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
5
2
3
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel