RU
Әлем чемпионатына қатысатынын естіген футболшылар қуаныштан жылап жіберді (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Әлем чемпионатына қатысатынын естіген футболшылар қуаныштан жылап жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтетін әлем чемпионатына аттанатын Бразилия құрамасы анықталды. Бас бапкер Тите ел намысын қорғайтын 23 футболшы есімін жариялаған кезде қорғаушы Фагнер мен үшінші қақпашы Рамос үйлерінің астан-кестені шықты. Чемпионатқа баратындар тізімінде өз аттарын естіген спортшылар қуанышында шек болмаған деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Бразилия футбол құрамасының бас бапкері Тите тікелей эфир кезінде Ресейге барып ел намысын қорғайтын аяқдопшылар тізімін жариялаған.

Бас бапкердің қорытынды тізімін 28 жастағы Фагнер өз үйінде жақын туыстарының ортасында күткен. Әлем чемпионатына баратындар арасынан өз атын ести сала "Коринтианс" қорғаушысы көз жасына ерік беріп, қуаныштан жылап жіберді.

Оқиға орнынан түсірілген видеода аяқдопшыны алғаш болып әйелі мен қызы құттықтағаны көрінеді. Оның жетістігіне бірдей қуанған туыстары үйдің астан-кестенін шығарып, балаша секіре берді.

"Коринтианс" футбол клубының тағы бір ойыншысы ұлттық құрамаға жолдама алды. Қақпашы Кассио Рамостың да 23 футболшы арасынан бой көрсетуі бейнетаспаға түсірілген. Өз әріптесі іспеттес ол да жақындарының арасында дастархан жайып, ұлттық құрама тізімін салтанатты түрде күтсе керек.

Кассио Рамос аты аталған бетте, бөлмеде отырған көпшілік қуаныштан шу көтеріп, айқай салды. Басты тізімде үшінші қақпашы ретінде баратынын білу Рамосқа құдды әлем чемпионатын жеңгейдей бақыт сыйлаған.

Футболшылар қуанышы таспаланған бейнежазбалар желіге бірден таралып, оқырмандар тарапынан жылы лебіздерге ие болып жатыр. Футбол жанкүйерлерінің айтуынша, аяқдопшылардың нағыз шынайы сезімдері қайталанбас әсер берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel