RU
Орталық Азия басшыларының айдай сұлу әйелдері кімдер? (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Орталық Азия басшыларының айдай сұлу әйелдері кімдер? (фото)

Рассказать Вконтакте

Түрлі ел президенттері үнемі халық алдында жүрсе де, үйдегі жарын жарқыратып шығара бермейді. Осы орайда Орталық Азиядағы бірінші ханымдар немен айналысып, қалай өмір сүретіні туралы тың деректерді kaktakto.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Қырғызстан президентінің жары Айгүл Жээнбекова

Фото: kaktakto.com

Фото: kaktakto.com

Айгүл Токоева (Жээнбекова) — халық алдында өтетін жиындарға көп қатыса бермейді. Мәселен соңғы жарты жылда көпшілік бірінші ханымды үш-ақ рет көрген. Оның барлығында Айгүл Жээнбекова басына орамал тағып, ұзын көйлек киген екен.

Фото: sputnik.kg

Фото: sputnik.kg

Қырғызстан басшысы отбасы туралы ақпарат беруді қаламайтындықтан, оның жары нақты немен айналысатыны да белгісіз.

Өзбекстанның бірінші ханымы Зироатхон Хошимова

Фото: kaktakto.com

Фото: kaktakto.com

Зироатхонның мәнсіз сымбаты мен көз тоймайтын сұлулығы,киім киюдегі талғамы журналистер қауымының назарын бірдеен аударған. Әзірге белгілісі, ханым жоғарғы оқу орнын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген және зиялы қауым өкілдерімен жақсы араласады.

Фото желіден алынды

Фото желіден алынды

Зироатхон өзінің ел басқаратын күйеуімен студенттік шағында танысыпты. Алайда ол Ферғана аумағындағы ең бай әулеттің қызы болғандықтан, ата-анасы Шавкатқа тұрмысқа бергісі келмеген көрінеді. Осыған қарамастан, екі жастың шынайы махаббаты барлық сынға төтеп беріп, екеуі өмірлік серік атанады.

Түркменстанның бірінші ханымы - Огүлкерек Бердымұхамедова

Фото: kaktakto.com

Фото: kaktakto.com

Бұл әйелді бірінші ханым деп айтудың өзі қиын. Себебі Гурбангулы Бердымұхамедов ел алдында оны ешқашан өзімен бірге алып жүрген емес. Олар Түркменстанда қалыптасқан ежелгі дәстүр бойынша отбасын құрған. Яғни көшбасшының ата-анасы қарапайым отбасының оқымаған, жап-жас қызын келін етіп алады.

Аталмыш елде ер азамат міндеті ақша тауып, отбасын асырау. Ал әйелі үйде отырып, бала-шаға тәрбиесімен айналысады. Тіпті көшеге шықса да бетін бүркеп, өзге еркектермен сөйлесуіне тыйым салынған. Кей мәліметтер бойынша ол 2007 жылдан бері Лондонда өмір сүреді.

Тәжікстан президентінің жары - Азизмо Асадуллаева

Фото: kaktakto.com

Фото: kaktakto.com

Эмомали Рахмоновтың жары да әлем назарына көп түсе бермейді. Ол жеті қыз бен екі ұлды дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Азизмоның Фируза атты қызы Душанбе орталығындағы дүкендер желісін басқарады екен. Ал кіші балалары президенттік лицейде білім алады.

Фото: WordPress.com

Фото: WordPress.com

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір