RU

Қостанай тұрғыны туған қызын пышақтап өлтірді

Қостанай облысының арнайы қылмыстық соты туған қызын пышақтап өлтірген ер адамды жазаға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Соққыға жығу. Көрнекі фото: tvl.it
Соққыға жығу. Көрнекі фото: tvl.it: UGC

44 жастағы тұрғын бұған дейін де істі болған. Ер адам Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айыпталуда.

Екі жыл бұрын темір тордан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған ер адам Қостанайдағы туған әпкесінің үйінде тұрады. Олармен бірге ер адамның 2002 жылғы қызы да тұрған.

Ішімдікке масайған әкесі қызын тәрбиелемек болып, жанжал туындайды. Ашуға булыққан азамат қолына пышақ алып қызына тап берген.

Көптеген пышақ соққыларын алған жеткіншек оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731904-kostanaj-trgyny-tugan-kyzyn-pysaktap-ltirdi.html