RU
Жарапазанды жан-тәнімен айтқан қазақ баласы көпшілікті тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Жарапазанды жан-тәнімен айтқан қазақ баласы көпшілікті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында жарапазан айтқан балақай желі қолданушыларын тебірентті. Ораза жақындап қалғанын айтқан ол, ауызын бекітетін жандарға өзінің жылы лебізін білдірген деп хабарлайды talanty_kaz Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Ғаламтор кеңістігіне таралып кеткен жарапазан айтқан баланың видеосы қалың көпшілікті сүйсіндірді. Желі қолданушыларын қасиетті ай қарсаңында жарапазан айтқан баланың сөз саптауы мен ерекше дауысы таңғалдырған.

Сонымен қатар, өзгелерден ерекшеленбек болып жарапазанды баянмен айтқан жігіттер де желі жұлдызына айналды. Ораза алдында ізгі ниеттерін білдірген ер балалар қасиетті айда көпшіліктің арман-тілектері орындалып, келер жылғы оразаға аман-есен жетуді тіледі.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күндер ғана қалды. 17 мамырда бастау алатын ораза мауысымның 14-і күні аяқталмақ.

Қазақстан мұсылмандарының дін басқармасы Рамазан айының басталу уақыты өзгергені жөнінде ресми мәлімдеме жасаған болатын. Ораза кестесі астрономиляқ есептерге орай бір күнге шегертілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel