RU

Шымкенттің қыздары 1 млн теңге: Еліміздегі қалың мал құны қанша?

Еліміздің әр өңірінде қалың мал құны қанша екенін "Экспресс-К" басылымы анықтауға тырысты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қалың мал. Көрнекі фото: topic.lt
Қалың мал. Көрнекі фото: topic.lt: UGC

Қазақстанда қалың мал құны 200 000 теңгеден басталып, 1 000 000 теңгеге дейін барады екен.

Айта кетерлігі, еліміздің бірқатар өңірлерінде бұл дәстүр өз мәнін жоғалтқан. Атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар және Қарағандыда.

Шымкентте күйеу бала қалыңдық үшін 500 000 теңгеден бастап, 1 000 000 теңгеге дейін қалың мал береді.

Ал Қызылорда мен Алматы облысында қалың мал құны - $1 000. Қазақстанның шығысында қалың мал үшін 200 000 теңге төлеуге әзір болыңыз.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731910-symkentti-kyzdary-1-mln-tege-elimizdegi-kaly-mal-kny-kansa.html