RU
Қасиетті ай қарсаңында жұрттан көмек сұраған ана елдің жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қасиетті ай қарсаңында жұрттан көмек сұраған ана елдің жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне атыраулық әйел хабарласып, сал ауруына шалдыққан қызына көмек сұрады. Ол қасиетті Рамазан айының қарсаңында жұртшылық қайырымды іс жасайтынына үміттенеді.

Камилла Ілияс. 31 арнадан скриншот

Камилла Ілияс. 31 арнадан скриншот

Камилла Ілиясқа төрт айлық сәби кезінде церебралды сал ауруы деген диагноз қойған. Ауыр дерті болса да, қыз өсе келе жан-жағына қарап, атын айтып жүріпті.

2016 жылы Камилланы аяғынан тік тұрғызу үшін Ресейден келген мамандар Алматы қаласында ота жасайды. Алайда бұл емнен қыздың джағдайы одан сайын нашарлап, тіпті комаға түсіп қалыпты.

"Отадан кейін бізге бала адам болмайды деп кесіп айтты. Оның ми клеткалары өліп қалған деді. Осылай жүргенімізде үш күн өтркен соң Камилланың миы қайта сигнал беріп, дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалды", - дейді Ләззат Қасымова.

Науқас қыз есін жиғанымен, оның жағдлайы жақсармапты. қазір сегіз жасар Камилла аппараттың көмегімен тыныс алып, қимылдамай жатады. Анасының айтуынша, қызына ота алдындағы наркоз дұрыс салынбағандықтан, халі осылай нашарлап кеткен.

Камилланың анасы қазір дәрігерлермен соттасып уақытын да ақшасын да жоғалтқысы келмейді екен. Бар арманы - қызы сауығып кетсе дейді.

Қасиетті Рамазан айы басталар тұста көпшіліктен көмек сұраған әйел "1 500 000 теңге жиналса, Челябинскідегі сауықтыру орталығына барып, қызымды емдетер едім" деп отыр.

Көмек қолын созамын деушілерге байланыс нөмірі: 8 775 359 80 80

Halyk бфнкіндегі шот нөмірі: 4402 5735 5373 0799

Kaspi банкіндегі шот нөмірі: 5169 4931 5445 0202

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір