Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең кемі бір жақсылық: Ораза айында жасалуы тиіс игі амалдар қандай?

Опубликовано:

Қасиетті Рамазан айына санаулы күндер қалды. 30 күн бойы Алла разылығы үшін ауыз бекіткен жандар қасиетті күндері тағы қандай амалдар жасай алады. Бұл жайында mazhab.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ораза. Фото: stan.kz
Ораза. Фото: stan.kz: UGC

1.Ұзақ уақыт бойы сөйлеспеген ескі досыңызды кешіріп, онымен татуласыңыз;

2. Көршіңізге бір жақсылық істеу (тамақ дайындап апару, шәйға шақыру, ауланы тазалау...);

3. Өзіңіздің ең сүйікті асыңызды әзірлеп, өзіңіз жемей, сонымен кедей адамды тамақтандырыңыз;

4.Мешіттердің біріне Құран апарып қойыңыз (Оны оқыған әр адамның сауабы сізге жазылады);

5. Өзіңіз танитын барлық өмірден өткен адамдарды тізіп жазып, солар үшін шын жүректен дұға жасаңыз. Өзіңіз дүниеден қайтқанда адамдардың сіздің артыңыздан қандай дұға жасағанын қалайтын болсаңыз, сіздің бұл дұғаңыз да сондай болсын;

6. Жаңа хадис үйреніп, оны ұстануға тырысыңыз.;

7. Өзіңізді қолға алып, өсек пен ғайбатқа мүлде жоламаңыз. Мұны қатты қадағалаңыз;

8. Жұмыстастарыңызға кішкентай сыйлықтар (кәмпит, жеміс) алып келіңіз;

9. Ата-анаңызды қуантып, жиі құшақтаңыз, беттерінен сүйіңіз. Өмірден өткен болса, дұға жасаңыз;

10. Биыл тәуекел етіп, оразаны алғаш ұстаған бес адамға сыйлық жасаңыз;

11. Үш жаман қасиеттен арылуға тырысыңыз;

12. Ауызашар ұйымдастыруға ат салысыңыз;

13. Ұжымдық түрде мешіт тазалығына ат салысыңыз;

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Рамазан айының ауыз бекіту мерзімі өзгергенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1731937-e-kemi-bir-zaksylyk-oraza-ajynda-zasaluy-tiis-igi-amaldar-kandaj/

pixel