RU
Алып жыланның үстіне отырып алған балалар жұрттың зәресін ұшырды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Алып жыланның үстіне отырып алған балалар жұрттың зәресін ұшырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Индонезияда алып жыланнан қорықпай, оның үстіне отырып алған батыл қыздар жұртты шошытты. Оқиға орнынан түсіріліп, Facebook парақшасына жүктелген видео көпшілік арасында қызу талқыға түсті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Әдетте алып жыланға тап болған кез келген адам бірден қаша жөнеледі. Алайда, бұл тұжырым индонезиялық бүлдіршіндерге тән емес сыңайлы.

Жыланды ат ұқсатып, оның үстіне отырып алған балақайларды тіпті біреу бейнекамераға түсіріп алған. Бала өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда видео түсірген адам көпшілік сынының астына бірінші болып түсті.

Бейнежазба аздаған уақыт аралығында жеті миллион қаралым жинап үлгерді.

Желі қолданушылары видео астына өз наразы пікірлерлерін жарыса жаудырды.

"Балаларды енеңе тастап кетсең осындай жағдайлар орын алып тұрады", -деп жазды оқырман.
"Балаларды жұтып қойса қайтеді? Ол үшін видео қаралымы маңыздырақ сияқты ғой. Бүлдіршіндер өмірі қауіп үстінде тұрса, бұл видео түсіріп әлек", - деп ашуын білдірді желі қолданушы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
6
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel