Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаман әртіс болсам да: Меруерт Түсіпбаева өзінің жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің отбасы мен жалғыз баласы жайлы айтып, жан сырымен бөлісті деп хабарлайды "Сөккен әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түсіпбаева. Фото: Instagram
Түсіпбаева. Фото: Instagram: UGC

Әнші өзінің 16 жасқа қараған ұлының таңдауына құлақ асатынын мәлімдеді.

"Жаман әртіс болсам да, жаман ана болғым келмейді. Балама ұнаған нәрсенің барлығын байқап көремін. Зирузаны, 91 тобын тыңдаса, қосылып тыңдап аламын. Баламның алдында атқаратын қызметім көп. Мен анамын, әкемін, атамын. Өмірде атышулы Меруерт Түсіпбаева болсам да, үйде ол мінезімді балама көрсетпеймін. Өйткені, баламды ер етіп тәрбиелегім келеді. Балам дипломын алып, қай елге кетемін десе, сонымен бірге кетемін. Қатты қуанатыным, балам атаққа құмар адам емес. ", - деп жан сырын айтты әнші.

Алайда, Түсіпбаеваның баласы анасын өзгелерге қыймайды екен.

"Балам есейді. Менің балам есейгесін, жанымнан бір бөтен адамды көргісі келмейді. "Ана кісі кім осы" деп сұрайды. Бәрін қызғанышпен бағдарлайды. Мен балам өз аяғына тұрып, отбасын құрғанша, менің өмірімде өзге еркек болуы мүмкін емес. Әрине ол еркек бар. Бірақ ол еркекті ешкім көруі мүмкін емес. Өйткені, дәл қазіргі жағдайда оны менің баламның психикасы көтере алмайды", - деп Түсіпбаева ағынан жарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731947-zaman-rtis-bolsam-da-meruert-tsipbaeva-zini-zan-syrymen-blisti/

pixel