RU

Германияда Qazaq Banki акционері ұсталды

Германияда Qazaq Banki акционері Ибрагим Бақыт ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция. фото: rbc.ua
Полиция. фото: rbc.ua: UGC

Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының Германиядағы әріптестеріне жолдаған тапсырмасы бойынша, 23 сәуірде Германия аумағында Ибрагим Бақыт Жасұзақұлы ұсталғанын ІІМ өкілдері хабарлауда.

2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Ибрагим Бақытқа Qazaq Banki акцияларының 10,71 пайызы тиесілі.

Ол 2017 жылдың 12 маусымына дейін Qazaq Banki директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1731959-germaniada-qazaq-banki-akcioneri-staldy.html