RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Рассказать Вконтакте

16 мамырға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" сайты ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жаңбыр. Көрнекі фото: WallBox.ru

Жаңбыр. Көрнекі фото: WallBox.ru

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel