RU
Өз көлігінің астына түскен алматылық жігіт ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өз көлігінің астына түскен алматылық жігіт ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Алматыда жетінші қалалық емхана жанында Райымбек даңғылы бойында жол апатынан жас жігіт көз жұмды деп хабарлайды құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Жол апаты. Фото: © Sputnik

Жол апаты. Фото: © Sputnik
Source: UGC

Куәгерлердің сөзіне сенсек, бұзылған FAW шағын жүк көлігі сол жақтағы шеткі жолақта тұрған, ал жүргізушісі оны жөндеуге тырысып жатады.

Сол сәтте батыс бағытта келе жатқан Volvo жүргізушісі жүк көлігін көрмей қалады. Ол жол апатын болдырмауға тырысқанымен, тоқтап үлгермей, бар жылдамдығымен FAW көлігінің артына соғылған.

Қатты соққыдан шағын жүк көлігі 180 градусқа айналып, иесін қағып кетеді. 1994 жылы туған жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
11
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel