RU
Бұлшық еті ғайып болды: Канелоның суреті әлем жұртын таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Бұлшық еті ғайып болды: Канелоның суреті әлем жұртын таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Boxing Physique атты YouTube-арнаның мамандары Геннадий Головкиннің қарсыласы Сауль «Канело» Альварестің бүгінгі физикалық жағдайына сараптама жасады. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Канело. Видеодан скриншот

Канело. Видеодан скриншот

Олар Альварестің бұлшықеттері ғайып болғанын байқаған. Оның үстіне Головкинмен жекпе-жек кезінде өте ірі болып көрінген Канело бүгінде айтарлықтай өзгеріп кетіпті.

Желі қолданушыларының бірі оны денесін шынықтырмай жүр деп топшыласа, енді бірі бұған допинг кінәлі деген пікірде.

Допингке тексеріс барысында боксшының ағзасынан табылған кленбутерол затын қолдануды доғару әдетте бұлшықеттердің кішірейуіне әкеліп соқтырады екен.

Мексикалық боксшы Головкинмен 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста рематч өткізеді деп жоспарлануда.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
1
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel