RU
Ғалымдар күйзелісті болдырмаудың жаңа әдісін анықтады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар күйзелісті болдырмаудың жаңа әдісін анықтады

Рассказать Вконтакте

Ирландиядағы Лимерика университетінің ғалымдары күйзелістің алдын алу шараларына байланысты ауқымды ғылыми зерттеу жүргізді. Оның нәтижесінде, ауыр салмақты зілтемірлер қолданыла істелген жаттығулар күйзеліс белгілерінің төмендеуіне әкеп соқтыратыны дәлелденді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Ғалымдар ғылыми жұмыс барысында 33 клиникалық зерттеу жүргізіп, 1877 адамды бақылауға алды. Мамандар олардың қажетсіздік сезімі, жаман көңіл-күй және жұмысына деген қызығушылықтың жоқтығы деген сияқты күйзеліс белгілеріне күштік спорттың қалайша әсер еткенін анықматақ болған.

Ғылыми зерттеу нәтижесінде, күштік спорттық жаттығуларды күйзелісті емдеу мен оның алдын алу терапияларына қосымша ретінде қолдануға болатыны расталды.

Мамандар спорттық жаттығулардың дәл осы түрін таңдаудың да өз себебі бар. Өйткені күштік жаттығулар соңғы кезде ерлер мен әйелдер қауымы арасында да үлкен сұранысқа ие болған.

Бұл спорттық жаттығулар сымбатты денеге қол жеткізуге көмектескенімен қатар, адам бойына сенімділік ұялатады.

Ғалымдар ауыр салмақ сала жасалынатын жаттығулармен аптасына екі реттен артық айналаыспауға кеңес береді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel