RU
Ер жігіт өзіне "ең үздік жылдарын" арнаған қызға алғыс білдіріп ұятқа қалды
Жаңалықтар Әлемде

Ер жігіт өзіне "ең үздік жылдарын" арнаған қызға алғыс білдіріп ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Ханчжоу қаласында қызық оқиға орын алды. Жақында ғана арақатынасын үзген ғашықтар кездесіп, нәтижесінде ер адам өзіне ең үздік жылдарын арнаған бойжеткенге өз алғысын ерекше түрде білдірмек болған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Ер жігіт өзіне "өмірінің ең үздік кезеңдерін" арнаған қызға алғысын қомақты қаржымен білдірген

Ер азамат өзінің бұрынғы сүйіктісіне жомарттық танытып екі миллион юань табыс етпек болғанында, бойжеткен қаржыны алмай кетіп қалған. Ол бұрынғы жігітінің қылығын сорақы деп санағандықтан емес, бұл сомманы аздық еткендіктен қабыл алмай қойды.

Қытайда қалыптасып кеткен ұлттық дәстүр бойынша арақатынасын үзген ғашықтар арасында айырылысу төлемі болуы керек. Әйел адам өз өмірінің ең үздік кезеңдері баянсыз махаббатқа зая кеткендіктен, бұрынғы сүйіктісінен қомақты қаржы алып отырды.

Сол себепті, ауқатты отбасыдан шыққан ер бала қолда бар екі миллионын бұрынғы қызына алғыс ретінде бергенде, өзімшіл ару бұл сомма оған лайық емес екенін білдірген. Бойжеткеннің айтуынша, жігітке кеткен өмірінің ең үздік жылдары үшін ол кем дегенде бес миллион юань алуға қауқарлы болды.

Кездескен кафеден жастар кетіп қалған соң, ақша мейрамханада қалып қойған. Таңертен қомақты қаражатқа тап болған кафе иесі полиция шақыртып, олар болса ақшаның кімге тиесілі екенін бірден анықтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір