RU
Алматыда Батырхан Шүкенов көшесі пайда болуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Батырхан Шүкенов көшесі пайда болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Алматы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы қала көшелерінің біріне қазақ әншісі Батырхан Шүкенов есімін беру туралы ұсыныс жасады. Оған қоса, қаланың жүз алпыстан астам көшесінің атауын өзгерту мәселелсі қарастырып жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда Батырхан Шүкенов көшесі пайда болуы мүмкін

Алматыда Батырхан Шүкенов көшесі пайда болуы мүмкін

Батырхан Шүкенов есімі Алматының Бостандық ауданына қарасты "Алатау" шағын ауданындағы Наурыз көшесіне берілуі әбден мүмкін.

Шүкеновтің есімін мәңгі тарихта қалдыру туралы бұл идея мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму бойынша тұрақты комиссиясы отырысында айтылған.

Батырхан Шүкенов 2015 жылы 29 сәуірде 53 жасында Мәскеуде қайтыс болды. Шығармашылық жолын Роза Рымбаевамен бірге саксофонист ретінде бастаған Батыр 1988 жылы "А'Студио" тобын құрды. Ал 2000 жылдан бастап жеке ән айта бастады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір