RU
Павлодарда қаршадай қызды зорламақ болған азғынның әрекеті камераға түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда қаршадай қызды зорламақ болған азғынның әрекеті камераға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында 12 жасар қызға азғындық жасамақ болған ер адам құрықталды. 39 жастағы күдікті оқушыны лифт ішінде зорлауға әрекеттенген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: policiajudiciaria.pt

Көрнекі фото: policiajudiciaria.pt

Оқиға тапа-тал түсте Екібастұз шаһарындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Ондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларда мектептен қайтып келе жатқан оқушы қыздың дүкенге кіргені байқалады. Жеткіншекті аңдыған күдікті де осында тайраңдап жүр. Кейін үйіне қарай бет алған оқушының соңынан подъезге бірге еріп кірген.

Ақыры лифт ішінде қызды шешіндіруге әрекеттеніпті. Есік ашылған сәтте қашып құтылған жеткіншек мұны бірден анасына айтып берген екен. Күдікті болса, оқиға орнынан дереу ізін суытқан. Десе де, полицейлер көп ұзамай 39 жастағы екібастұздықты қолға түсірді.

"Кәмелетке толмағанға қатысты азғындық әрекет жасауға оқталған деген күдікпен 39 жасар ер адам анықталып ұсталынды. Қазіргі кезде осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сот сараптамалары тағайындалды. Ал күдікті уақытша қамау изоляторға қамауға алынды", - дейді Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
6
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel