RU
Назарбаев арзан баспананың алдымен кімдерге берілетінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев арзан баспананың алдымен кімдерге берілетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысына барған президент Нұрсұлтан Назарбаев "7-20-25" бағдарламасы бойынша кімдерге басымдық берілетінін айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Kn.kz

Көрнекі фото: Kn.kz

Сочиде өткен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің саммитінен кейін жол жөнекей Оралға соққан елбасы мұнда қала тіршілігімен танысты.

Айтуынша, өзеннің қоршауындағы экологиялық таза қала, ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы жер. Жергілікті шенділер де қарап қалмады.

Өңірдің мақтауын асырған облыс әкімі Назарбаевқа ет өңдейтін зауыт пен жиһаз фабрикасы және ғимараттардың сыртын қаптауға қажетті материал шығаратын кәсіпорынның жұмысын көрсетті.

Осы жерде президент қол жетімді баспананың құрылысына тоқталды. "7-20-25" бағдарламасымен шаршы метрді тек мұқтаждар ғана алады деді Назарбаев.

"Қолжетімді баспанамен қамтатамасыз етіңдер... Пәтері барлар, бұл бағдарламаға ілікпейді... Пәтері жоқтарға береміз. Сол себепті, бұл бағдарламаға көбіне жастар ілігеді", - дейді мемлекет басшысы.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
3
12
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір