RU
Германияда құрықталған Бақыт Ибрагим туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Германияда құрықталған Бақыт Ибрагим туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Германияда қамауға алынған қазақстандық бизнесмен әрі Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим туралы бірқатар деректерді Sputnik Қазақстан назарға ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Кәсіпкер. Көрнекі фото: CC0

Кәсіпкер. Көрнекі фото: CC0
Source: UGC

Бақыт Ибрагим 1985 жылдың 28 мамырында дүниеге келген. Ол өткен жылдың маусымына дейін Qazaq Banki директорлар кеңесінің төрағасы болған. Алайда кейін қызметінен босатылады.

Бүгінгі таңда ол Qazaq Banki акционерлерінің бірі. 2018 жылдың 1 сәуіріндегі ақапартақа сәйкес, оған акциялардың 10,55%-ы тиесілі.

Бақыт Ибрагимге басшылық қызметте "сапасыз кердиттер берді" деген айып тағылған.

2016 жылдың тамызында Forbes Kazakhstan Бақыт Ибрагимді ірі нысандарды сатып алуда ең қолы ашық адамдар тізімінде үшінші орынға қойды.

2014 жылы ол "Қазақстан мақтасы" компаниясын 3 миллиард 200 миллион теңгеге сатып алады.

Ағымдағы жылдың наурызында қазақстандық мақта жинаушылар қаржының жеткіліксіздігінен жұмыстарын жалғастыра алмайтынына шағымданған болатын.

Оңтүстік Қазақстан тұрғындары "зауыт директоры Бақыт Ибрагимнің мақтаны тиеп алып кетіп, ізім-ғайым жоқ болғанын" айтқан.

Еске салсақ, Германияда Qazaq Banki акционері қамауға алынғаны бұған дейін хабарланған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel