RU
Роза Рымбаева: "Қызыл өріктің" деңгейіне ешқашан түспеймін
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева: "Қызыл өріктің" деңгейіне ешқашан түспеймін

Рассказать Вконтакте

Аты аңызға айналған әнші Роза Рымбаева Esquire.kz сайтына эксклюзивті сұхбат беріп, өзінің ой-толғаныстарымен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Роза Рымбаева. Фото: Esquire Казахстан

Роза Рымбаева. Фото: Esquire Казахстан

Әншінің айтуынша, ол өмірде де, өнерде де өзіне өте қатал қарайтын адам. Осыған қарамастан ешқашан көп табыс таппапты.

Роза Қуанышбайқызының жарымен гауһар тастары мен қос-қостаған көліктері болмаған көрінеді. Олар ел қатарлы бір айлықпен өмір сүріп, конкурстан ұтып алған сыйақыларға қуанып жүргенін айтады.

Ал "тойдың" табысы әншіге тұңғыш ұлы Әли дүниеге келген соң, 90-жылдардан бастап түсе бастаған. Ол уақытта қазақ эстрадасында жүрген әртістерге тойға шығып ән айту ұят саналатын дейді ол.

Бүгінде барша ел танитын жұлдыздың өнер көрсетуі үшін қойған бағасы бар. Алайда кейбір жас әншілер одан бірнеше есе қымбат ақша сұрайтын көрінеді.

"Мен бір тамаша әртісті білемін. Ол әндерін тек фонограммамен айтады. Бірақ менен үш есе көп ақша алады", - деген Роза Қуанышбайқызы аталмыш әншілердің көп алу себебін түсіндіріп берді.

Айтуынша, бұл әншінің қоржынындағы әндердің көбісі тойға арналған екен. Ал Рымбаева салмақты әндер айтқанды ұнатады.

Әнші мұндай мәселелерге атүсті қарай алмаймын дейді. Мәселен "Қызыл өрік" сияқты әндерді айтпақ түгілі, жаздырмайтынын да жеткізді.

"Мұндай дәрежеге ешқашан түспеймін. Мен 42 жыл бойы еліміздің мәдениетін көтеретін әндерді шырқап келіп, тойға көбірек шақырсын деп табан астынан "Қызыл өрікті" айтып кеткенім болмас. Мені онсыз да шақырып жүр, құдайға шүкір. Бірақ менің әндерім қалай алғанда да тойға арналған емес", - деп атап өтті ол.

Эксклюзивті сұхбаттың толық нұсқасын Esquire Kazakhstan сайтынан оқыңыз.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
2
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel