RU
Өзбекстанда оқушылардың маңдайына "екі" қойған мұғалімнің басы бәлеге қалды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстанда оқушылардың маңдайына "екі" қойған мұғалімнің басы бәлеге қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Өзбекстандағы Бекабад қалалық прокуратурасы мен Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасы №5 орта мектепте төрт оқушының маңдайына "екі" қойған мұғалімнің ісін тексере бастады деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот centralasian.org

Скриншот centralasian.org

Бұл туралы Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шукур Бурханов хабарлады.

"Осы айда №5 орта мектептегі бастауыш сынып оқытушысы бірінші сыныпта үлгерімі төмен оқушыларға шара қолданған, прокуратура оны "психологиялық азаптау" деп бағалады", - деді басқарма өкілі.

Бекабад қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Мұхиддин Кузибаевтың мәлімдеуінше, оқушыларды жазалаған мұғалім уақытша жұмыстан шеттетілді.

Айта кетейік, Бекабадта маңдайына "екі" деген баға қойылған бірінші сынып оқушыларының суреттері 11 мамырда Instagram мен Facebook желісінде тарады. Желі қолданушылары бұл тақырыпты қызу талқылап, суретті желіге салған адам оқиғаның 7 мамырда болғанын жазған.

Скриншот: centralasian.org

Скриншот: centralasian.org

"Мұғалім маңдайларына екі қойып берген балалар үйлеріне жылап оралған. Ашуланған ата-ана баласын суретке түсіріп, маған жолдады. Мен оны Instagram-ға салдым. Сол арқылы БАҚ пен қоғамның назарын аударғым келді. Дегеніме жеттім. Өзбекстанның халыққа білім беру министрінің орынбасары Әлішер Садуллаев жағдайды өз бақылауына алғанын естідім", - дейді желі қолданушысы.

Министрлік шенеунігі Намоз Рузикуловтың айтуынша, "мұндай психологиялық және физикалық зорлық қолданып, көпшілік алдында мазақ ету" - елдің білім беру саясатына қайшы келеді".

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
4
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel