RU

Бесінші қабаттан құлаған балақайды ұстап қалған әскери жігіт көпшілікті тәнті етті

Қытайдың Шаньдун провинциясында отставкаға кеткен әскери жігіт Лю Янмин бесінші қабаттан құлаған балақайды құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жарым жастағы ұл бала көпқабатты үйдің терезесінен салбырап тұрған сәтте оны куәгерлер видеоға түсіруге кіріседі.

Арасында тек бір жігіт балақайды құтқаруға асыққан. Ол көрші жатқан пәтердің бетон тіреуішіне шығып алып, құлап кеткен балақайды аяғынан ұстап үлгереді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732020-besinsi-kabattan-klagan-balakajdy-stap-kalgan-skeri-zigit-kpsilikti-tnti-etti.html