RU
Ит асырағанына сенімді болған отбасы оның аю екенін біліп, шалқасынан түсе жаздады
Жаңалықтар Әлемде

Ит асырағанына сенімді болған отбасы оның аю екенін біліп, шалқасынан түсе жаздады

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Юннань провинциясында тұратын Юн отбасы 2016 жылы ит асырап алып, оның шын мәнінде аю екенін бірнеше жыл өткенде бір-ақ біледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы mignews.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аю. Фото: mignews.com.ua

Аю. Фото: mignews.com.ua

Сапар кезінде тибет мастифін сатып алғанына сенімді болған отбасы оның шын мәнінде Гималай аюы екенін тым кеш біледі. Мұндай аю қара базарда өте жоғары бағаға сатылады.

Екі жыл бойы отбасымен бірге өмір сүрген аю 110 келіге дейін барған. Ол артқы аяғымен жүруге тырысқанда, қожайыны жануардың ит екеніне күмәндана бастайды.

Аю зооқорғаушылардың қолына өтті. Алайда үй жануарына айналып кеткен жыртқыш аң енді бостандықта өмір сүре алуы екіталай.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel