RU
Ұлын жеті жыл бұрын жоғалтқан Алматы тұрғыны оны өлі күйінде тапты
Жаңалықтар Қоғам

Ұлын жеті жыл бұрын жоғалтқан Алматы тұрғыны оны өлі күйінде тапты

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғыны жеті жыл бойы іздеген ұлын өлі күйінде тапты. Талай телебағдарламаларға жүгініп, баласына іздеу салған ана полицияға жүгінуде жөн санамаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Мәйіт. Көрнекі фото: Om1.ru

Мәйіт. Көрнекі фото: Om1.ru

Алима Скагиеваның айтуынша, ол ұлы Айдар Кішібаевты телебағдарламалардың көмегімен жеті жыл бойы іздеген. Полицияға сенбеген әйел оларға жүгінуді жөн санамапты.

Алайда ақыры тәртіп сақшыларынан көмек сұраған ана ұлын жарты сағаттың ішінде табады. Өкінішке қарай, Айдар жоғалғаннан кейін қайтыс болған екен.

"Ол емханаға бауыр циррозымен түскен. Кейін емханада тіл тартпай кетіпті. Дәрігерлер оның құжаттарын таппағасын, бірнеше күн бойы жақындары іздеп келеді деп күткен. Кейін жерлеген", - дейді Алима.

Әйел полицияға жедел әрекеті үшін алғыс білдірді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
2
3
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір