RU
Ана тілі үшін өлуге дайын Шымкент әкімі қазақ тілді кітаптарды білек сыбана оқып жүр
Жаңалықтар Қоғам

Ана тілі үшін өлуге дайын Шымкент әкімі қазақ тілді кітаптарды білек сыбана оқып жүр

Рассказать Вконтакте

Шала қазақ тілімен Қазнет жұлдызы атанған Шымкент әкімі Нұрлан Сауранбаев қазақ тілді кітаптарды білек сыбана кірісіп оқып жүр. Тіпті кемшілігін көпшілікке жария еткендерге өзіне жігер сыйлағаны үшін алғысын да жаудырды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Сауранбаев. Фото: Отырар TV

Нұрлан Сауранбаев. Фото: Отырар TV

"Оны жазған жігіттерге рақмет айтқым келеді. Шыны керек, маған үлкен мотивация сыйлады. Қандай сын болса да, дұрыс қабылдау керек қой. Сол сыннан соң 8-9 шақты кітап оқып шықтым. Оның ішінде Абайдың қара сөздері де бар", - деді Шымкент басшысы Нұрлан Сауранбаев.

Сондай-ақ әкім өз сөзінде қазақ тілді кітаптарды оқуды әрмен қарай жалғастыратынын да жеткізді.

Әңгіме барысында ағынан жарылған Сауранбаев домбыра үйреніп жүргенін де жайып салды.

"Домбыра тартуды үйреніп жүрмін. "Түркімен" күйін тарта аламын. Дәл қазіргі таңда "Хафизді" үйреніп жатырмын", - деді ол.

Өз сөзінде Нұрлан Сауранбаев шырайлы шаһарды басқару еңбек пен үлкен қабілетті қажет ететінін алға тартып, бұл ретте оған тұрғындардың еңбекқорлығы ерекше дем беретінін атап өтті.

Еске сала кетсек, қаңтар айында Шымкент әкімі қол астындағы қызметкеріне халық алдындағы кезекті есеп кезінде тек қазақ тілінде баяндама жасағаны үшін ескерту жасаған болатын. Себебі жиынға келген тұрғындардың бірі мемлекеттік тілде баяндама жасаған шенеунікке өз наразылығын білдірген.

Халықтың сұранысын қанағаттандыруды көздеген Шымкент "мэрі" өз ойын "шала" қазақша жеткіземін деп желіде жұлдыз болған еді. Бұдан кейін шаһар басшысы өзінің халық алдындағы есеп беру жиыны кезінде мемлекеттік тілді менсінбедің деп сөккен тұрғынға шумақтатып тұрып жауап беріп, егер де қазақ тілі жоғалса, өлуге дайын екенін мәлімдеді.

"Қайрат деген атым бар, қазақ деген затым бар, еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар!". Ендеше Расул Гамзатовтың сөзі бар "егер менің тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге даярмын" деген. Бұл жерде мен сізге көмекші боламын, аға. Бірге жұмыс істейік", - деген болатын Сауранбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір