RU
66 адамның өмірін қиған ұшақ апаты айфонның кесірінен болғаны рас па?
Жаңалықтар Әлемде

66 адамның өмірін қиған ұшақ апаты айфонның кесірінен болғаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Парижден Каирге ұшқан Airbus A320-232 ұшағы жарылып, Жерорта теңізіне құлады. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: segodnya.ua

Көрнекі фото: segodnya.ua

EgyptAir әуе компаниясының MS804 рейсімен ұшқан 66 жолаушының барлығы мерт болған. Енді марқұмдардың жақындары Apple компаниясын сотқа берді. Айтуларынша, үшақ бортындағы өрт аталмыш компанияның өнімі тым қызып кеткендіктен болған.

Ұшақ қалыпты жағдайда ұшып келе жатқандықтан, ешқандай қауіптілік сигналы болмаған. Дегенмен ұшақтың деректерді автоматты табыстау жүйесі оның ішінде түтін болғанын көрсеткен.

Әзірге өрттің нақты неден шыққаны анықталмады. Кей болжамдарға сүйенсек, ұшқыштардың бірі өзінің iPad mini мен iPhone 6S ұялы телефонын қойған жерден өрт тұтанған болуы мүмкін.

Осыған қарамастан, Apple компаниясы бұл іске түк қатысымыз жоқ деп отыр. Себебі оны дәлелдейтін еш дерек табылмаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
5
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel