RU
Әлемді мойындтқан әнші гей-парад үшін Ресейге келуден бас тартты
Жаңалықтар Әлемде

Әлемді мойындтқан әнші гей-парад үшін Ресейге келуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

Евровидение ән байқауының биылғы жеңімпазы израильдік Нетту Барзилай ресейлік МУЗ-ТВ марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартты. Әнші өкілі Ресей музыкалық марапатына шақыртуды Тель-Авивте өтетін гей-парадқа байланысты қабылдай алмайтындарын түсіндірді деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Бұл туралы МУЗ-ТВ арнасының бағдарлама директоры Андрей Разыграев мәлімдеді. Ол өзінің Facebook парақшасына Нетту Барзилайдың гей-парадқа қатысты ресейлік шақыртуды қабыл ала алмайтынын айтты.

Жазба соңында Разыграев Тель-Авивтегі қызтекелердің жиыны музыкалық салтанаттан маңыздырақ болғаны ғой деген ой түйді.

"Әнші өкілі ол күні гей-парадқа баруды жоспарлап қойдық! Жоқ! деп айтты маған. Әркімнің өз құндылықтары бар екен ғой", - деп жазды телеарна қызметкері.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel