RU
Алматыда қатты жауыннан үйі қирап қалған тұрғындар кімнен көмек сұрарын білмей жүр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда қатты жауыннан үйі қирап қалған тұрғындар кімнен көмек сұрарын білмей жүр (видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Алматыда шелектеп құйған жауын салдарынан көпқабатты үйдің тұрғындары зардап көріп отыр. NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдаған оқырман "жап-жаңа пәтерімнің төбесі құлауға айналды" деп дабыл қағуда.

Жаңбырдан кейін Бостандық ауданына қарасты Сатпев көшесі, 47-үйдің төбесі көлшікке айналған. Салдарынан, жиналып қалған жауын суы жоғарғы қабаттағы пәтердің төбесін ойып түсе жаздапты.

"Пәтерімізге жақында ғана толықтай жөндеу жұмысын жүргізген едік. Енді оның быт-шыты шығып, барлық жерге су жайылып кетті. Сонда бұл шығынды кім өтейді? Пәтер иелерінің кооперативі біз жауапты емеспіз дейді. Тек сантехниктерді жіберіп құбырды тазартты. Ал шатыр сол бойы әлі тұр", - деп ашынды тұрғын.

Бостандық аудандық пәтер иелері кооперативінің басшысы 47-үйдің қаңтар айынан бастап апатты жағдай мен пәтерді ұстау шығындары үшін ақша төлемей қойғанын алға тартуда.

"Осы жылдың қаңтар айынан бастап 47-үй біздің кооперативтен шығу туралы шешім қабылдап, бес ай бойы бір тиын төлеген емес. Осыған қарамастан біз шатырды жөндеу үшін барлық жұмыстарды жүргіздік", - дейді Бостандық аудандық пәтер иелері кооперативінің төрағасы Сәуле Омарова.

Ал тұрғындар кооперативтен шығу туралы мәселе көтерілгенінен бейхабар болып шықты. Ай сайынғы коммуналдық төлемді толығымен өтеп келген олар қиын жағдайға түскенде кімге барып көмек сұрарын білмей жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel