RU
Бельгияда ашаршылық кезіндегі тағамдарды халыққа ұсына бастады
Жаңалықтар Әлемде

Бельгияда ашаршылық кезіндегі тағамдарды халыққа ұсына бастады

Рассказать Вконтакте

Брюссель қаласында жақын арада ерекше мейрамхана ашылады. Түрлі ел тағамдарын даярлап асқан аспаздық өнерімен тәнті ететін кафелер қасында бұл мейрамхананың ас мәзірі тым қарапайым келген. Тіпті тағамдарына келушілердің қарны тоймай қалуы да мүмкін деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Тағамдарымен ашаршылық кезді еске салатын мейрамхананы Бельгияда білім алып жатқан украиналық студенттер ашқалы жатыр.

Бұл жобалары аясында олар бельгиялықтарға аштық заман кезінде украиналық халық жеуге мәжбүр болған тағамдарды өздері татып көріп сезінсе деген ниетпен жасауда.

Мейрамхана келушілері ас мәзірінен жүгері жапырақтарынан жасалған сорпа, жаңғақты нан мен шөптік ұннан жасалынған құймақтардың бірін таңдап, олардың дәмін татып көре алады.

Ашаршылық кезеңдерінде болған тағамдарды шара ұйымдастырушылары келген қонақтарға Люксембург алаңында ұсынбақ. Жобаның дәл Еуропарламент маңында орнығуының өзін де терең мағына жатыр.

Өйткені, украиналық студенттердің бұл жобасы алдымен Бельгияны ашаршылық кезеңін 1932 жылдары басынан кешкен украиналық халық оқиғасын геноцид ретінде мойындатуды көздеп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel