RU
Мәжіліс қара жамылуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады
Жаңалықтар Қоғам

Мәжіліс қара жамылуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Рассказать Вконтакте

Бүгін бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салатын заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Hassan Ammar

Көрнекі фото: Hassan Ammar

Аталған заңды депутаттарға дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев таныстырды.

"Мемлекеттің діни бостандығын қамтамасыз ету саласындағы құқықтық базасы әлемдік демократиялық стандарттарға толықтай сәйкес келеді. Мұны осы бағытта зерттеу, тексеру жүргізетін халықаралық, құқықтық ұйымдар да, сарапшылар да растайды. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан геосаяси, діни ахуал, экстремизм мен терроризмнің күшеюі дін саласындағы ұстанымдар мен нормативтік, құқықтық нормаларды жетілдіруді талап етіп отыр", - дейді министр.

Кәлетаевтың пікірінше, дін саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған қадамдар мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін ауадай қажет.

Кейін ведомство басшысы аталған заң жобасындағы маңызды нормаларға тоқталды.

"Заң жобасын үш блокка бөлдік. Бірінші блокқа дінді деструктивті мақсаттарға қолдануға жол бермеуге бағытталған түзетулер кіреді. Атап айтқанда, "деструктивті діни ағым" және "діни радикализм" деген жаңа ұғымдар енгізіледі. Бұл ұғымдарды енгізу және деструктивті діни ағымдардың идеологиясын, атрибуттары мен сыртқы белгілерін таратуға тыйым салу арқылы сырттан елімізге жат идеологияның енуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Жобада бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салу көзделген", - деді ол.

Сонымен қатар, министр заң жобасының тағы бір маңызды бөлігіне тоқталды.

"Нормалардың екінші жиынтығы діни қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін нақтылау бойынша ережелерді қамтиды. Жобада мемлекеттік қызметшілердің дін саласындағы әдебіне байланысты бірқатар талаптар нақтыланған. Жобаға мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде көзделген үш шектеу енгізілген. Атап айтқанда: өзінің қызметтік мүмкіндіктерін діни бірлестіктердің мүдделеріне пайдаланбау; өзіне бағыныстағы қызметшілерді діни қызметке мәжбүрлемеу; діни бірлестікті құруға бастамашы немесе оның мүшесі болмау. Тиісті норманы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңына енгізу ұсынылады", - деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
1
16
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір