RU
Ит талаған модельдің түрі адам көргісіз күйге түсті (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ит талаған модельдің түрі адам көргісіз күйге түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

23 жастағы Сюзель Макинтош есімді аруды ит талап, адам көргісіз кейіпке түсірген. Алайда бойжеткен бұл оқиғадан соң мойымай, керісінше өмірге құлшынысы артқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сюзель Макинтош. Фото: Instagram

Сюзель Макинтош. Фото: Instagram

Бойжеткенді досының иті қуып жүріп, талап тастаған. Нәтижесінде модельдің бір беті толықтай жараланып, қорқынышты кейіпке түсіпті.

Сюзель бір апта ауруханада жатып емделіп, бетіне пластикалық ота жасатқан. Бірақ соған қарамастан ол әлі еріндерінің жараланған бөлігі мен бетін қозғалта алмайды екен. Себебі, ит талаған уақытта бетінің нерв талшықтары зақымданыпты.

Бойжеткен әйелдер қауымына: "Қандай жағдайға түссеңіздер де өз-өздеріңізді жақсы көруді доғармаңыздар. Жүрегіңіз қалаған дүниемен айналысып үйреніңіздер", - деп кеңес берді.

Сюзель Макинтош. Фото: Instagram

Сюзель Макинтош. Фото: Instagram

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel