Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік БАҚ: Қытайда танымал қазақ әншісі қамауға алынды

Опубликовано:

Шыңжаңда танымал қазақ әншісі Отанбек Еңсехан қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы chinaaid.org сайты мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Отанбек Еңсехан. Фото: ChinaAid
Отанбек Еңсехан. Фото: ChinaAid: UGC

Әнші наурыздың соңында Үрімжідегі үйінде қамауға алынған.

Жергілікті қазақтардың сөзіне сенсек, ол біраз уақыт Қазақстанда болып, тыңдармандарына ән орындап қайтқан екен.

Отанбек Еңсехан. Видеодан скриншот
Отанбек Еңсехан. Видеодан скриншот: UGC

"Еңсехан Қазақстанда және Шыңжаңда танымал. Цзян Цзэминь оны және тағы екі қазақ бишісін Қазақстан президентіне мақтаныш ретінде көрсеткен болатын. Бір күндері ол президенттік сарайдың ансамблінде жұмыс істеген. Оның қазақстандық "жасыл картасы" бар, алайда ол қытайлық азаматтығын сақтауға шешім қабылдаған", - дейді әншінің табынушыларының бірі.

Кей ақпарат көздері Еңсеханның 10 мамыр күні бостандыққа жіберілгенін хабарлаған. Алайда жергілікті тұрғындар оның қайта қамауға алынуы мүмкін екенінен қауіптенеді.

Айта кетсек, Отанбек Еңсехан "Сары дала" әнімен көпшілікке танымал.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1732100-seteldik-bak-kytajda-tanymal-kazak-nsisi-kamauga-alyndy/

pixel