RU
"Нағыз еркек": Ғазизхан еліміздегі гастрольдік сапарын бастап кетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Нағыз еркек": Ғазизхан еліміздегі гастрольдік сапарын бастап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Халықтың көңілінен шыққан талай хит әндердің авторы, әнші Ғазизхан Шекербеков енді өзінің жеке концертін өткізбек. Сахнаның талай серісін әні арқылы танытқан ақын жігіттің өзі де өнерден құр алақан емес. Осыған дейін бірнеше әніне бейнебаян түсірген әнші шығармашылыққа шындап кіріскен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Бұл жаңалығымен әншінің өзі бөлісіп, қазір тек өзіне арналған ән жазып жатқанын айтты.

"Мен негізі көптеген әндер жаздым. Мақпал апамыздан бастап қаншама өнер иелері орындап жүр. Соңғы екі жылда тек өзіме әндер жазудамын. Жеке бейнебаяндарымды түсірдім. Көктемде Маңғыстау өңірінде, Оңтүсік Қазақстан облысында жеке кешімді өткіздім. Келесі кезек Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында болмақ. Күзге жоспар үлкен. Менің негізгі ұстанымым – шоу бизнеске жаңа леп әкелу. Қазір ізденіс үстіндемін", - деді Шекербеков.

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Ғазизхан Шекербеков. Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, әнші бұдан бірнеше жыл бұрын республика сарайында өзінің композиторлық шығармашылық кешін берді. Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі бастаған феномендер осы кеште ән салып, жаңа хиттерді иемденген болатын.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір