RU
Күшіктеген итті аяусыз сабап, құлағын кесіп тастаған иелері жаға ұстатты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Күшіктеген итті аяусыз сабап, құлағын кесіп тастаған иелері жаға ұстатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейде жаңадан күшіктеген итін қан-жоса қылып сабап, қоқысқа тастаған иелері елдің жағасын ұстатты. Үш жасар үй жануарын еріктілер тауып алған деп хабарлайды 1obl.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 1obl.ru

Фото: 1obl.ru

Қоқыс ішінде жатқан итті байқап қалған еріктілер олны дереу контейнер ішінен шығарып алып, дәрігерге көрсетіпті.

Дәрігер иттің аяусыз таяқталғанын, басынан соққы алынғанын растады. Сондай-ақ, жануардың қос құлағын да кесіп тастаған екен. Қатты соққыдан оның көздеріне де зақым келген.

Айта кететіні, еріктілер сыздаған желініне қарап, иттің жақын арада күшіктегенін білген. Іздестіру шараларының нәтижесінде жануардың иелері анықталды.

Алайда, итті тауып алғандар оны қатігез егелеріне қайтарудан бас тартқан. Қазіргі сәтте үй жануарына жаңа иелер іздестіріліп жатыр.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір