RU
Қазақстандық тұрғындардың телефоны 2019 жылы желіден ажыратылады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық тұрғындардың телефоны 2019 жылы желіден ажыратылады

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап байланыс нөмірін ЖСН нөмірімен тіркемеген абоненттер Қазақстанда байланыс желісіне шыға алмайды деп хабарлайды sputniknews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото:digital.report

Фото:digital.report

Еліміздегі ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, 2016 жылдан бері ұялы байланыс нөмірлерін тіркеу туралы талап қойылған екен.

Аталмыш жүйе ұялы телефон ұрлығын азайтуға көмектеседі деп күтілуде. Мәселен қалта телефонын жоғалтқан жәбірленуші полицияға шағымданса, олар абонент нөмірі арқылы телефонды бұғаттап тастай алады.

Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, телефонның IMEI коды арқылы оның иесін табу өте қиынға соғады екен. Жаңа жүйе іске асуы үшін абоненттің байланыс нөміріне телефонның IMEI-коды мен жеке куәлігіндегі ЖСН нөмірімен қоса тіркеп қою керек.

"Ұялы байланыс абоненттері 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін нөмірін тіркемесе, байланысқа шыға алмайтын болады", - дейді Абаев.

Сондай-ақ министр абоненттер онлайн түрде тіркеуден өте алатынын да ескертіп өтті.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
6
1
0
2
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір