RU
ОҚО-да қыз зорлады деп жала жабылған жігіттің үйін 30 азамат қиратып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да қыз зорлады деп жала жабылған жігіттің үйін 30 азамат қиратып кеткен

Рассказать Вконтакте

Нұр Отан партиясының Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауда Сарыағаш ауданынан Гүлімхан Сапарова көмек сұрап келген. Ошақты ауылының тұрғыны отбасындағы қиын жағдайды баяндап берді деп жазады NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: rostovgazeta.ru

Көрнекі фото: rostovgazeta.ru

"2016 жылы көршілер менің баламды жасөспірім қызды зорлады деп айыптады. Сол түні үйімізге 30-35 жастағы ар адамдар келіп, отбасымызбен толық сабап, үйіміз бен көлігімізді өртеп кетті. Ал бізді ауылдан қуып шықты.

Жарты жыл өткен соң баламның қылмысқа қатысы жоқ екені анықталды. "Жәбірленген" қыз сотта сөз алып, менің ұлымнан ешқандай зорлық-зомбылық көрмегенін жеткізді.

Бұл толықтай өсек-аяң болып шықты. Содан кейін біз үйіміздің күл-талқанын шығарған адамдарды сотқа бердік. Алайда қылмысқа қатысы бар 30 шақты адамның тек төртеуі ғана сотта жауапкершілікке тартылды. Олардың өзіне шартты жаза уақытын тағайындады.

Біз әлі күнге дейін туыстарымыздың үйін жағалап жүрміз. Инстанцияға бірнеше рет шағымдансақ та, еш нәтиже жоқ", - дейді әйел.

Гүлімхан Сапарова енді бұл істі Нұр Отандықтар қолға алып, бір шешімін табар деп үміттенеді.

ОҚО ІІД 2016 жылы Ошақтыда орын алған іс қатаң бақылауға алынып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын айтып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
6
2
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel