RU
Жар-жар орнына Реал Мадридтің әнұранын қосқан жұбайлар елді шулатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жар-жар орнына Реал Мадридтің әнұранын қосқан жұбайлар елді шулатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Үйлену тойында "Жар-жар" әнінің орнына әйгілі Реал Мадрид футбол клубының әнұранымен той төріне шыққан жас жұбайлар елдің қызу талқысына түсті деп xабарлайды NUR.KZ порталы.

Hala Madrid: Жар-жар

Скриншот: видеодан

Өмірде бір-ақ рет болатын қуанышты сәтінде осындай қадамға барғанына қарағанда, күйеу жігіт пен қалыңдық испандық футбол клубының жанкүйері болуы керек.

Тойдың ашылу салтанатында ортаға шыққан асаба жас жұбайларды салтанатты түрде шақырады. Осы сәтте жас жұбайлар Реал Мадрид әнұранының әуенімен шығады.

Ол аз дегендей, күйеу жігіт пен қалыңдықтың екі жанында жас жігіттер футбол клубының туларын алып жүреді.

Үйлену тойларын естен кетпес етіп өткізгісі келген жас жұбайлардың бұл әрекетін көрген желі қолданушыларының бірі оларды қолдаса, енді бірі ақылға қонымсыз әрекет деп сөкті.

Тіпті кейбірі "Ақыры клубтың жанкүйері екен, шорти мен футболка киіп шығуы керек еді", "Стадионда жасамады ма тойларын" деп пікір қалдырды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
34
2
2
1
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір