RU
Қазақстан бақытты елдер тізімінде Өзбекстаннан қалып қойды
Жаңалықтар Әлемде

Қазақстан бақытты елдер тізімінде Өзбекстаннан қалып қойды

Рассказать Вконтакте

2018 жылы Қазақстан әлем бойынша бақытты елдер рейтингінде алпысыншы орынға жайғасты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстан бақытты елдер тізімінде нешінші орында?

Қазақстан бақытты елдер тізімінде нешінші орында?

Есепке сәйкес, мемлекет 5 790 ұпай жинаған.

59-орында 8 810 ұпаймен Ресей, ал Қазақстаннан кейінгі орындарда - 5 762 ұпаймен Кипр, 5 752 ұпаймен Боливия және 5 739 ұпаймен Эстония тұр.

Көрші Өзбекстан елі Қазақстаннан әлдеқайда жоғары орыннан көрінді. Аталған мемлекет 6 096 ұпаймен 44-орында, Қырғызстан 5 131 ұпаймен 91-орында, ал Беларусь Республикасы 5 483 ұпаймен 73-орында тұр.

Бақыт индексі бірнеше факторға сәйкес анықталған: адам басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау, денсаулық, адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы, таңдау еркі, кеңпейілділігі, жемқорлыққа деген көзқарасы. Сондай-ақ, ұпай берерде «антиутопия + қалдық» және «сенім интервалы» ескерілді.

Қазақстанның антиутопия көрсеткіші 1,8 ұпайдан асып, жақсы көрсеткішке ие болды. Сондай-ақ, мемлекет әлеуметтік қолдау үшін 1,5 ұпай алды.

Адам басына шаққандағы ұпайдың арқасында мемлекет 1,1 ұпайды иеленді. Ал кеңпейілділік пен жемқорлықты қабылдауына 0,15 ұпай берілді. Сенім ұпайы шамамен 0,1 ұпайды құрады.

Лидерлер бестігіне Финляндия (7,632 балла), Норвегия (7,594 балла), Дания (7,555 балла), Исландия (7,495 балла) және Швейцария (7,487 балла) кірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
1
0
2
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel