RU
"Әжетхана жудым": Қызылордалық шенді қызметкеріне зәулім үйін жинатып қойған
Жаңалықтар Қоғам

"Әжетхана жудым": Қызылордалық шенді қызметкеріне зәулім үйін жинатып қойған

Рассказать Вконтакте

Қызылордада балабақша директоры өзіне бағынышты тәрбиешіге екі қабатты зәулім үйін жинатып қойған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Әжетхана жудым": Қызылордалық шенді қызметкерін малай ретінде жұмсаған

"Әжетхана жудым": Қызылордалық шенді қызметкерін малай ретінде жұмсаған

Аты-жөнін атамауды сұраған тәрбиеші балабақшаға жұмысқа осыдан бір ай бұрын тұрған. Оның сөзінше, 45 жастағы мекеме бастығы таңнан кешке дейін үйін жинаттырып отырған.

«Бастықтың екі қабатты үйі бар. Моншасы, дәретханасына дейін жудыртып, ертесіне жұмысқа шақырып алатын. Қайтарда «жақсы» деп те айтпады. Үйге шаршап келетінмін.
Бір кезде суды төгіп алғанымда қатты ұрысты. Үйге қонағы келсе, даяшы құсап жүрдім. Жұмысты жай істесем, «дұрыс істе» деп жекіп ұрысатын», — деді қызылордалық келіншек.

Айтуынша, осындай қара жұмыстан кейін балабақшадан кетуге мәжбүр болған. Алайда, мекеме директоры жалақыны әлі күнге дейін төлемей жүр екен.

«Ертең еңбек инспекциясына арыз түсіремін. Егер осыдан кейін еш нәтиже шықпаса, директордың аты-жөнін көпшілікке жариялауға әзірмін», — деп уәде етіп отыр бұрынғы тәрбиеші.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
19
11
6
8
4
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір