RU
Астанада әкесінің көлігін айдаған жасөспірім екі адамды қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада әкесінің көлігін айдаған жасөспірім екі адамды қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Астанада әкесінің көлігіне мінген жасөспірім екі кісіні қағып кетті деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. Оқиға сейсенбі күні сағат 18:30-да Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысында болған.

Астанада әкесінің көлігіне мінген жасөспірім екі кісіні қағып кетті

Астанада әкесінің көлігіне мінген жасөспірім екі кісіні қағып кетті

"Mitsubishi жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етуші жарығына жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Жол полициясы қызметкерлері құқықбұзушыны бірден тауып, Мәскеу көшесі бойындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Ол 2001 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған бала", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған, олардың хәлі туралы мәлімет жоқ. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Полицейлер жасөспірімнің ата-анасының біреуінің қатысуымен тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel